Оқиға • 28 Мамыр, 2021

Түркістандық полицейлер жоғалған 4 баланы тапты

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістандық полицейлер жоғалған төрт баланы тапты,  деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістандық полицейлер жоғалған 4 баланы тапты

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, тез арада көмек керек болып тұрғанын айтады. Әйелдің айтуынша, оның 11 жастағы қызы мен жеті, бес және төрт жастағы ұлдары таңертеңгі уақытта үйдің ауласында ойнап жүрген. Біршама уақыттан кейін қараса, жақын арада балалары көрінбейді. Анасы өзі ары-бері іздеп, жарты сағаттай уақытын жұмсайды. Іздеуден нәтиже шықпағаннан кейін, полицейлерден жәрдем сұраған.

Оқиға орнына бірнеше топқа бөлінген тәртіп сақшылары жедел жетті. Жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Куәгерлерден сұрастырды, көше-көшені, үйлерді ретімен мұқият қарап шықты. Одан бөлек, қараусыз қалған үйлер де тыңғылықты тексерілді. Бірнеше сағатқа созылған полицейлердің іздестіруі оң нәтиже беріп, балалар сегіз шақырым қашықтықтағы басқа көшеден табылды. Осылайша ойнап жүріп адасқан бүлдіршіндерді ювеналды полиция тобының инспекторы Тойлыбай Қоштаев аман тапты. Тәртіп сақшылары балалардың ас-суын беріп, жағдайы жақсы екеніне көз жеткізіп, ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Балақайларды үйлеріне қайтарды.