Коронавирус • 01 Маусым, 2021

Баладан да ПТР-тест сұралады

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Індет қаупі әлі сейілмеген күрделі кезеңде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға аса сақтықпен қараған жөн. Осы ретте балалар да ПТР-тесттен өткізіліп, Сovid-19 індеті анықталмаған жағдайда ғана лагерьлерге жіберілмек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баладан да ПТР-тест сұралады

Балаларда 72 сағат бұ­рын жүргізілген Сovid-19 зерт­ханалық зерттеудің теріс нәтижесі болған жағ­дай­да жазғы сауықтыру лагерьлеріне кіруіне рұқсат етіледі. Мұның жай-жап­сарын Денсаулық сақтау министр­лігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау коми­тетінің Тамақтану, білім беру және тәрбие объек­тілерін санитарлық-ги­гиеналық бақылау және қадағалау басқармасының бас сарапшысы Индира Басманова түсіндіріп берді.

Оның айтуынша, әрбір балада лагерьлерге келгенде денсаулық жағдайы туралы құжаттар – 079/у нысаны, сауықтыру лагеріне баратын оқушыға арналған медициналық анықтама, жұқпалы аурулармен, оның ішінде Сovid-19-бен ауыр­­майтыны туралы анық­тама­лар, келгенге дейін 72 сағат бұрын жүргізілген ПТР-тесттің теріс нәтижесі бар құжат болуы тиіс.

Биыл балалар лагерь­лерінің қызметіне рұқ­сат етілген. Бірақ әлеумет­тік-экономикалық нысандар­дың «жасыл аймақтағы» жұ­мыс өлшемшарттарына сәйкес жазғы лагерьлер шектеусіз, «сары аймақ­тағы» лагерьлерде 50% тол­ғанда және «қызыл аймақ­тағы» лагерьлерде 30% тол­ғанда жұмыс істейді.

И.Басманова комитет сайтында халықтың са­ни­та­рлық-эпидемия­лық са­ламаттылығы са­ла­сындағы нормативтік құ­қықтық ак­ті­лердің талап­тарына сәйкес келетін Ба­лаларды сауық­тыру ұйым­дарының тізімі орналас­тырылғанын еске салды.

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитар­лық дәрігерінің 2021 жыл­ғы 26 мамырдағы №24 қау­лысымен меншік нысанына қарамастан, балаларды сауықтыру лагерьлері (мектеп жанындағы, қала сыр­тындағы) қызметінің шек­теу іс-шараларын, оның ішін­де карантинді енгізу кезе­ңіне арналған алгоритмі бекі­тілді.