ТЖМ құтқарушылары табылған сөмкені полиция қызметкерлеріне табыстаған. Қазіргі уақытта жоғалған екі туристі іздеу жұмыстары жалғасуда.
«Аймаққа «Қазавиақұтқару» АҚ 2 тікұшағымен аэровизуалды барлау жасалуда. Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінен, полиция департаментінен, ҰҚК Шекара қызметінен, Орман шаруашылығынан, Өзбекстан Республикасы ТЖМ жеке құрамынан 73 маман, 12 бірлік техника және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізілуде», дейді Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.