Технология • 02 Маусым, 2021

Caspian Startup – 2021: Жылдың үздік стартап жобасы анықталды

698 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтау қаласындағы NIS-те «Caspian Startup – 2021» халықаралық стартап-жобалар байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Caspian Startup – 2021: Жылдың үздік стартап жобасы анықталды

Үшінші «Caspian Startup» байқауының тақырыбы ретінде жаңаратын энергия көздері таңдалды – ұйымдастырушылар жастарды да, кәсіпкерлерді де баламалы энергия көздерімен таныстыру мақсатын ұстанды.

Сарапшылар мен кәсіпкерлерден жиналған конкурстық комиссияның назарына  Қазақстан, Әзірбайжан және Түрікменстанның жас зерттеушілері қатысқан 89 жоба ұсынылды. Байқаудың ақтық сынына 15 жұмыс жолдама алды.

– Жылдан-жылға дәстүрлі байқау жергілікті және халықаралық деңгейде сұранысқа ие екенін көрсетіп келеді. Биыл бізге Әзербайжан оқушыларынан 2 жоба және Түрікменстаннан 22 жұмыс келіп түсті, – дейді Ақтаудағы Зияткерлік мектеп директоры Әсел Бейсембинова.

ч

«Caspian Startup» қатысушыларының көпшілігі – NIS оқушылары. Финалға қатысушылар қатарында Ақтау, Ақтөбе, Тараз, Шымкент, Қарағанды және Көкшетау қалаларындағы Зияткерлік мектептердің стартапшыларының жұмыстары болды. Сондай-ақ республиканың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары да өз жобаларын ұсынды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ноутбук, планшет, смартфон сияқты бағалы сыйлықтар күтіп тұрды.

Түрікменстаннан келген оқушылардың идеялары үздік деп танылды. Байқаудың қорытындысы бойынша I орын алған Ашхабад стартапшысы Мердан Ақыжанов жаһандық жылыну мәселесін шешуге көмектесетін мақта сабағынан биоотын өндіруді ұсынды. Жеңімпаздың есептеуі бойынша жобаның жыл сайынғы таза пайдасы 130 миллион доллардан асуы мүмкін. Екінші орын Магомед Максудов пен Шанур Мазыевтің жобасына бұйырды, олар Wi-Fi сигналын бір жарым шақырым қашықтықта ұстап алуға мүмкіндік беретін радио толқындарын құру идеясын ұсынды. Шымкенттегі NIS оқушысы Мухит Бердикул үшінші орынды еншілеген «Clean City» жобасын әзірледі.

Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары үздік стартапшыларға білім гранттарын ұсынды.