Аймақтар • 03 Маусым, 2021

Тиісті жұмыстар жүргізілуде

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылы 27 сәуір күні республикалық Egemen Qazaqstan газетінде аталған басылымның Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі Хамит Есаманның «Жері – қазақтікі, жарығы – қырғыздікі» атты мақаласы жарық көрген болатын. Аталған мақалаға байланысты Меркі ауданы әкімдігі тарапынан дайындалған жауапты жолдаймын.

Тиісті жұмыстар жүргізілуде

Меркі ауданы Кеңес ауылдық округіне қа­рас­ты Жауғаш батыр ауылында жалпы 89 адам тұ­ра­ды. Мұнда 23 түтін бар. Аталған ауыл аудан орталығынан 80 шақырым жерде орна­лас­­қан. Қазіргі таңда Жауғаш батыр ауылы көр­­ші Қырғыз мемлекетінен электр қуатын алу­да. Осыған орай, аудан әкімдігі тарапынан өт­кен жылы жобалық-сметалық құжаттама әзір­­леу мақсатында техникалық шарт алынып және жо­балау-іздестіру жұмыстары әзірленді. Тех­ни­­калық шартқа сәйкес, қосылу нүктесі Бло­го­ве­щен­ко ауылында орналасқан қосалқы стан­сасы­нан берілген. Сонымен қатар аталған елді­ме­кенге және «Қаратау» әскери бөлімшесіне орна­­ты­­латын трансформаторларға мемлекеттік акті әзірленді.

Бүгінде Жамбыл облысы әкімдігінің мем­ле­кет­тік сатып алу басқармасы тарапынан мем­ле­кеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, нәтижесі бойынша жобалаушы мекеме болып 15134,922 теңгеге «Корпорация «Асыл-Ст­рой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі анық­талды. Қазіргі таңда жобалаушы мекеме тара­пынан топографикалық түсірілім жасау жұ­мыстары жүргізілуде. Жоба әзірленіп, сараптама қорытындысы алынғаннан кейін, белгіленген тәртіппен бюджеттен қаражат қаралып, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілетін болады.

 

Берік БЕГАЛИЕВ,

Меркі ауданы әкімінің орынбасары