Қытайлық CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы 500 мың дозадан тұрады. Бұл препарат жақын күндері Қазақстан азаматтарына COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау үшін қолжетімді болатын төртінші препарат болады.
ҚХР-дан CoronaVac вакцинасын жеткізу туралы уағдаластықтарды іске асыруы COVID-19 пандемиясына бірлесіп қарсы тұруда қытайлық әріптестермен басталған сындарлы ынтымақтастықты сәтті жалғастырудың мысалы ретінде қарастырылады.
Денсаулық сақтау министрлігі атап өткендей, келіп түскен вакцинаның партиясы қазақстандық және ресейлік қолда бар вакциналарымен қатар елдің барлық егу пункттерінде қолжетімді болады. CoronaVac вакцинасын Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан аумағында қолдануға мақұлдады және елде қолданылатын QazVac, Спутник V және Hayat Vax вакциналарының тізбесін толықтырады. Қазіргі уақытта CoronaVac препараты әлемнің көптеген елінде кеңінен қолданылады.
ҚХР-да халықты вакциналау бойынша жалғасып жатқан кең ауқымды науқанға қарамастан, қытайлық тарап жан-жақты және стратегиялық әріптестік пен тату көршілік қарым-қатынастарды атап өтіп, Қазақстанға өзінің әзірленген вакцинасын жіберді.
CoronaVac вакцинасында SARS-CoV-2 антигені бар. Бір құтыда 0.5 мл/доза, препарат 14-28 күн аралығымен екі рет вакциналауды көздейді. Вакциналауға 18 жастан асқан тұрғындар санаттары жатады. Вакцина +2+8 градус температурада сақталады.