Футбол • 03 Маусым, 2021

Қазақстандық футболшы Станислав Лунин қайтыс болды

4608 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Станислав Лунин (Ислам Далаев) 28 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық футболшы Станислав Лунин қайтыс болды

Станислав Лунин карьерасын өскемендік «Восток» клубында бастаған. Кейін ол қарағандылық ​​«Шахтерде», алматылық «Қайратта» және павлодарлық «Ертіс» сапында ойнаған. Карьерасын «Шахтерде» аяқтаған еді.

Футболшы Қазақстан чемпионы болған, ел кубогы мен Суперкубогын иеленген. Сондай-ақ Қазақстан чемпионатының күміс және қола медальдарын жеңіп алған. 

Спортшының жүрегі тоқтап қалғаны хабарланды.