Медицина • 04 Маусым, 2021

Алексей Цой AstraZeneca вакцинасынан бас тартты

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

AstraZeneca вакцинасының айналасындағы керағар пікірлердің көп болуына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі осы компанияға препаратты жеткізу жөніндегі келіссөздерді тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz

Алексей Цой AstraZeneca вакцинасынан бас тартты

«AstraZeneca бойынша келіссөздер тоқтатылды, өйткені вакцинаның айналасында тым көп негатив бар», деді «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен бірге денсаулық сақтау министрлігі Pfizer, Moderna, Johnson& Johnson вакциналарын өндірушілермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Алайда, әзірге олардың ешқайсысы жеткізілім кестесін ұсынған жоқ.