Сен-Мартен-ле-Вину мен Ла-Плань қалаларын жалғаған таулы кезеңде Bahrain-Victorious командасының өкілі 24 жастағы украиналық Марк Падун мәре сызығын бірінші болып кесті. 171.5 шақырымға созылған қашықтықты ол 4 сағат 35 минут 07 секундта жүріп өтті. Екінші орынды аустралиялық Ричи Порт (Ineos Grenadiers) иеленсе, үздік үштікті «Астана» велокомандасының бұрынғы өкілі колумбиялық Мигель Анхель Лопес түйіндеді. Ал жетінші кезеңде мәре сызығын 10-шы болып кескен Алексей Луценко жалпы есептегі көшбасшылығынан айырылып қалды.
Айта кетейік, жерлесіміз 4-кезеңдегі жекелей жарыста топ жарған болатын. Жарыс кеше мәресіне жетті.