Қазақстан • 07 Маусым, 2021

Бес өңірде ауа сапасы нашарлайды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстанның бес қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бес өңірде ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, бүгін - 7 маусым, дүйсенбі күні Қарағанды, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Петропавл қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.

Қазақстанның өзге қалаларында метеахуал – бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.