2021 жылдың 8 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында Экспериментальная база көшесінде көлік қозғалысы шектеледі.
«Уақытша шектеулер осы көшедегі жолдың астында орналасқан магистральдық құбырды жоспарлы ауыстырумен байланысты. Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдайды сақтау үшін үйлерге ыстық су уақытша схема бойынша берілетін болады», делінген «Алматы жылу жүйесі» кәсіпорны таратқан хабарламада.