Оқиға • 07 Маусым, 2021

Семейде саяжай аумағынан өрт шықты

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде саяжай алабының аумағында өрт болып, ТЖД қызметкерлері 27 литрлік газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семейде саяжай аумағынан өрт шықты

Оқиға 7 маусымда сағат 01:05-те болған. «Солнечная долина» саяжайында моншамен біріктірілген демалыс үйінде шатырдың ағаш құрылымдары, төбе жабындары, есік және терезе блоктары, жиһаз, тұрмыстық техника және жеке заттар жанып кеткен.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел келіп, жалпы ауданы 70 шаршы метр болатын өртті сөндірді. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны 27 литрлік газ баллонын шығарды», деп хабарлады ТЖД өкілі.

Өрттің себебі – отты абайсыз қолдану. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 10 адам және төрт техника жұмылдырылды.