Кәсіпқой бокс • 07 Маусым, 2021

Атақты Флойд Мейвезер блогерді жеңе алмады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі боксшының қарсыласы Логан Пол болды, деп хабарлайды Egemen.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Атақты Флойд Мейвезер блогерді жеңе алмады

Сурет: Lynne Sladky/Associated Press

Бес салмақта бұрынғы әлем чемпионы америкалық Флойд Мейвезер блогер Логан Полды жеңе алмаған.

Майамидегі Hard Rock Stadium стадионында өткен жекпе-жек толық сегіз раунд өтті. Мейвезер жақсы жұдырықтасты, дегенмен, қарсыласын сұлата алмады. 

Бұл тамаша үшін өткізілген жекпе-жек боксшының кәсіпқой рекордына жазылмайды. 

Бұл кездесу үшін Мейвезер он миллион доллар кепілді гонорар және PPV сатылымының 50 пайызын алады. Ал Логан Полдың гонорары - 250 мың доллар және ол ақылы трансляция сатылымынан он пайыз үлесін алады. 

44 жастағы Мейвезер боксшы карьерасын 1996 жылы бастаған. 2017 жылы өткен кейінгі айқасында ол екі салмақта UFC чемпионы болған Конор МакГрегорды техникалық нокаутпен жеңген.

Ал 26 жастағы Пол алғаш рет рингке 2019 жылы шығып, KSI атты өзі сияқты блогерден төрешілер шешімімен жеңілген.