4 маусым күні Жетісай ауданының жергілікті тұрғыны Жетісай аудандық полиция бөліміне жүгінген. Ол 14 жастағы қызы 4 маусым күні түскі уақытта үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан. Аталған жайт Жетісай АПБ-де бірден тіркеуге алынған.
Қазіргі таңда жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары жасөспірім қызды іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар Жетісай ауданы әкімшілігінің қызметкерлерімен бірге мобильді топ құрылып, іздестіру жұмыстары жан-жақты іске асырылуда.
«Осы тұста барлық тұрғындар мен қонақтардан жоғалған қызды табуға көмектесулерін сұраймыз», деді Полиция департаментінен.
Белгілері: үстінде ақ түсті футболка, қара джинсы шалбар және аяғында қара түсті аяқ киімі болған. Өзімен бірге қара түсті «Самсунг Дж-2» маркалы ұялы телефоны бар. Қандай да бір мәліметке ие азаматтар Жетісай АПБ-ның кезекшілік нөміріне: 8 7253467020 немесе полицияның 102 телефон нөміріне хабарласа алады.