Қоғам • 08 Маусым, 2021

Жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдетіледі

364 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Әділет министрі Марат Бекетаев Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режімде ха­лыққа есеп беру кездесуін өткізді. Жиында министрлік тарапынан қолға алынған бірқатар жоба барысы мен жүзеге асырылған кешенді іс-шаралар туралы баяндалды.

Жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдетіледі

«Норма шығармашылықты же­тілдіру бойынша шаралар қа­былданды. Тиіс­ті Заңға биылғы 12 наурызда қол қойыл­ды. Заң шығару процесіне жаңа кезең­дерді енгізу, заң жобаларының сапасын қамтамасыз ету және заң шығару процесіне жұртшылықты кеңінен тарту көзделеді», деді М.Бекетаев. Оның айтуынша, ұлттық заңнаманың негізгі салаларын же­тілдіру аясында министрлік мемлекеттік органдармен және отан­дық ғалымдармен бірлесіп, 2030 жылға дейінгі құқықтық сая­сат тұжырымдамасының жобасы әзірлеген.

«Тұжырымдама ұлттық құ­қық­ты, құқық қорғау және сот жү­йе­сін, сыртқы саяси жә­не сырт­қы эко­но­микалық қыз­мет­ті, сондай-ақ құқық­тық бі­лім мен құқықтық насихат­ты да­мы­­тудың басым бағыттарын айқындайды. Құ­қық­тық жүйені жетіл­діру жөніндегі осы шаралар Қа­зақстанның одан әрі ор­нық­ты дамуының қажетті құқықтық алғы­­шарттарын қалайды деп па­йымдаймыз», деді министр.

Одан бөлек, жылжымайтын мү­ліктің кепілін тіркеу мер­зімі 1 жұмыс күніне дейін қысқар­ты­ла­тыны мәлім болды.

«Жыл­жымайтын мүлік кепілін элек­трон­­ды­ тіркеу енгізілді. Енді банк­­тер мен­шік иесімен кепіл шартын жа­сас­қан­нан кейін оны электрон­ды­ тіркеуге жі­бере алады, бұл аза­маттардың Халыққа қыз­мет көр­сету орталықтарына жүгінуін тоқ­­татады. Кепілді тір­кеу мер­зімі 3 жұ­мыс кү­нінен 1 жұмыс күніне дейін қыс­қар­тыл­ды», деп хабарлады ведомство басшысы.

Министр атап өткендей, сонымен бір­­­ге жылжымайтын мү­ліктің бірыңғай мем­лекеттік ка­дастрын құру жұмыстары жүр­гізілуде. Бұл жүйені қолдану аза­­­­мат­тарға бір өтініш негізінде жер учас­кесіне құқықты тіркеуге мүм­кіндік бе­реді. Осы­лайша, қыз­­­меттерді көрсету мер­зім­дері және сәй­кесінше азаматтардың қар­­­жы­лық шығындары азаяды.

Министрдің айтуынша, Nur Otan пар­тиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақ­сатында мемлекет кепілдік бер­ген заң көмегін 2024 жылға дейін 2 есе­ге ұлғайту мәселесі пысық­та­луда.

«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасын арттыру мақсатында биылғы жылдың наурыз айынан бастап, республика бойынша «Е-заң көмегі» Ақпараттық жүйесі қанатқақты режімде енгізілді. Бүгінгі таңда тергеу органдары мемлекет ке­пілдік берген заң көмегі аясында 1042 адвокатты тағайындады», деді Марат Бекетаев.

Жобаны іске асыру адвокат­тарды та­ғайындау және олардың еңбегін төлеу про­цесінің ашық­тығын қамтамасыз етеді.

2020 жылы сот актілерін орын­даудың тиімділігін артты-
руға ба­ғытталған «Ат­қа­­ру­шылық іс жүргізу ту­ралы» Заңға тү­зе­ту­лер қа­был­­­данды. Қолданыстағы заң­на­ма­ны бұзғаны үшін жеке сот орын­­­­­даушыларының жауап­кер­шілігі қа­таң­датыл­ды, бір мез­гілде уәкі­лет­ті және қада­ға­лау органдарының, сондай-ақ Жеке сот орындаушыларының рес­публикалық палатасының өкі­леттіктері күшейтіліп, кеңейтілді.

«Қабылданған заңнамалық шаралар нақты орындалған құ­жат­тар санының 45% артуына ық­пал етті», деді Әділет министрі.

Ведомство басшысының айтуын­ша, бірнеше жыл бойы жүр­­гізіліп жатқан дәйекті рефор­ма және атқарушылық іс жүр­гі­зу­дің электронды форматқа кө­­­шуі өзінің қабілеттілігін көр­сет­ті. Ел­дегі төтенше жағдай ке­­­зе­ңінде атқару­шылық іс жүр­гізу органдарының авто­мат-
тан­­­ды­рылған ақпараттық жүйесі мәж­­­бүрлеп орындау шараларын үз­дік­­сіз қабылдауға жағдай жасады.

«Халыққа атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинеті арқылы атқа­рушылық құжаттарды онлайн режімде беру мүмкіндігі берілді», деді Марат Бекетаев. Ал 2021 жылғы мамырдан бастап жергілікті мемлекеттік басқа­ру органдарының нормативтік құ­қықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді Әділет министрлігі ор­талықтандырылған фор­матта жүзеге асыратын болды. Нор­ма­тивтік құқықтық актілерді тір­кеудің ор­талықтандырылған рә­сіміне көшу бірыңғай құқық қолдану практикасын және өңір­лік норма шығармашылығы са­ла­сындағы мәселелерді уақты­лы өзек­тілендіруді қамтамасыз етеді. Бұрын бұл рәсімді Әділет министрлігінің аумақ­тық бөлім­шелері жүзеге асырған.

Әділет министрлігінің ақпа­раты бо­йынша аумақтық әділет органдарының штат саны оңтай­ландырылды. Үнемдеу шамамен 250 млн теңгені құрайды.

Бұған дейін Әділет ми­нис­тр­лігі Нұр-Сұлтан қаласы мен Қа­раға­нды облы­сының жергілікті мем­лекеттік ор­ган­дарының нор­ма­тивтік құқықтық акті­лерін мем­­лекеттік тіркеуді жүзеге асыру бойынша қанатқақты жобаны сәтті іске асырды, бұл оң нәтиже мен жергілікті мем­лекеттік орган­дардың нормативтік құқықтық ак­тілерін мемлекеттік тіркеу­дің орталықтандырылған форматын енгізу­дің орындылығын көрсеткендігін айта кет­кен жөн.