Аймақтар • 08 Маусым, 2021

Түркістан облысында жоғалған туристердің заттары табылды

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысындағы Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің заттары табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Түркістан облысында жоғалған туристердің заттары табылды

«Бүгін сағат 13:10-да Түркістан облысы Төле би ауданының Айғыржыққан және Өгем өзендері қосылған тұстан 500 метр жерде жоғалған туристердің заттары (жемпір, аяқ қиім, ұйықтауға арналған қап) табылды. ТЖМ құтқарушылары оларды полиция қызметкерлеріне табыстады. Туристердің бірінің анасы табылған заттардың арасынан өз баласының киімін таныды», деді Т. Уәли.

Ведомство өкілінің айтуынша, жоғалған екі туристі іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Аймақта «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының тікұшағы аэровизуалды барлау жасап жүр. Іздестіру жұмыстары 15 тәулік бойы жалғасуда. Оған Түркістан облысының төтенше жағдайлар және Полиция департаменттерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінен, Орман шаруашылығынан, Өзбекстан Республикасы Төтенше жағйдарлар министрлігінің жеке құрамынан 137 қызметкер, 17 техника, 1 тікұшақ және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылған. Іздеу жұмыстары тоғыз бағытта жүріп жатыр», дейді Талғат Уәли.