Елорда • 09 Маусым, 2021

Елордалықтардың 9,4%-ы вакцина салдырды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордада қанша адамның екпе алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордалықтардың 9,4%-ы вакцина салдырды

Дәрігердің айтуынша, қалада 100-ден астам екпе кабинеті жұмыс істеп тұр. Барлық медициналық қызмет лицензияланады, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы егу кабинеттерін орналастыруға уақытша рұқсат алатын бекітілген қалалық емханалар түрінде жаппай вакцинацияны ұйымдастыруға жауап береді.

«9 маусымдағы жағдай бойынша қала халқының 9,4%-ы немесе 111 683 адам екі компонентті толық алды. Бірінші компонентпен 169 632 адам немесе 14,3% қамтылған. Сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері жанындағы уақытша егу пункттерінде бірінші компонентпен 19 742 адам немесе барлық егілген халықтың 11,6%, екінші компонентпен – 9109 адам немесе 8,1% егілді», деді Сархат Бейсенова әкімдікте өткен брифинг барысында.