Қазақстан • 09 Маусым, 2021

ҚХА және Ассамблея Кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

599 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ассамблея кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚХА және Ассамблея Кеңесінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚХА және Ассамблея Кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

«Ассамблея құрамы 523 мүшеден тұрады. Оның ішінде орталық деңгейде – 105, өңірлік деңгейде 418 мүшесі бар. Осылайша, Ассамблеяның өңірлік құрамдауышын, сондай-ақ жастар сегментін айтарлықтай кеңейту көзделеді. Ассамблея құрамында барлығы 39 этникалық топ бар», деді ҚХА Төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ ҚХА кеңесінің құрамы жаңартылады.

«Кеңес құрамы 76 мүшеден (бұрын 72 мүше болған) тұрады, оған Мемлекет басшысы, Президент Әкімшілігі мен Тұңғыш Президент - Елбасы Кеңсесінің басшысы, Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрлері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері кірді. Олар да жергілікті ҚХА төрағалары болып саналады. Кеңестің 10 мүшесі Парламент Мәжілісінің, Кеңестің екі мүшесі Парламент Сенатының депутаттары екенін айту керек», деді Марат Әзілханов.