Аймақтар • 10 Маусым, 2021

БҚО-да жол апатынан полиция қызметкері қайтыс болды

7141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан полиция қызметкері мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да жол апатынан полиция қызметкері қайтыс болды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 9 маусым күні шамамен сағат 19.45-те Орал-Ақсай жолының 25-шақырымында болған. Күре жолда 28 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2110» автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылып қалды.

Жол апаты салдарынан облыстық патрульдік полиция батальонының 28 жастағы қызметкері ауруханада көз жұмды. Оның қасында болған екі жолаушы зардап шеккен жоқ.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

БҚО полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның тума-туысқандарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады.