Осы доданың 6-ракеткасы болып тіркелген Д.Попко екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 338-орында тұрған 19 жастағы румыниялық Филипп Жиянумен байқасты.
Қазақстандық теннисші бірінші партияны брейкпен аяқтады – 7:5. Дмитрий екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Және осы басымдылықты соңына дейін сақтап қала алды – 6:3. Біршама тартысты өткен бәсеке 1 сағат 53 минутқа созылды. Д.Попко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 108-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, словакиялық Андрей Мартинмен таласады.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы үшін шешуші кездесудің бірі осы болмақ.