Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов өзінің «Facebook» парақшасында жариялады.
«Алдын айтып өткенімдей, қаламызда жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи осындай жобаны қолға алып жатырмыз. Жангелдин көшесінің бойына орнатылған «ақылды жаяу жүргіншілер жолы» – жолды жоғарыдан жарықтандырып, арнайы белгілермен қамтитын проекциялық аппарат. Мұндай жарқын проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі әдеттегі жолдан әлдеқайда артықшылықтарға ие. Мәселен, проекция жаяу жүргіншіні жарықтандырып, оны қараңғыда да алыстан айқын көрсетеді және ауа райы мен көлік түрін талғамайды. Мұндай жобалар арқылы инвесторларды қызықтырып, қаламызды одан да қауіпсіз, көрікті мегаполиске айналдыра түсеміз деп ойлаймын», деп жазған Мақсұт Пернебайұлы.
Айта кетейік, осыған дейін пилоттық жоба Сыпырған Ата көшесі мен Әл-Фараби көшесінің қиылысы, Темірлан тас жолындағы «Satti zhol» жанар-жағармай бекетінің маңына да орнатылған еді.