Спорт • 12 Маусым, 2021

Мөлдір Жаңбырбаева Токио олимпиадасына лицензия жеңіп алды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каратеден Қазақстан құрамасының мүшесі Мөлдір Жаңбырбаева ел қоржынына кезекті жолдаманы салды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мөлдір Жаңбырбаева Токио олимпиадасына лицензия жеңіп алды

Ол Парижде өтіп жатқан лицензиялық додада күміс жүлдегер атанды. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол әлемдік іріктеу жарысында жолдамаға ие болды.

Айта кетейік, бұл каратеден Қазақстан қоржынындағы екінші лицензия. Бұған дейін Дархан Асаділов мерзімінен бұрын Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.