М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында «Ұлы даланың көне сарындары» антологиясының екінші томының тұсауы кесілді. Айрықша туынды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі – «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында қанат қағып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

«Ұлы даланың көне сарындары» антологиясының екінші томына енген қазақтың көне аспаптары – шаң қобыз, саз сырнай, сыбызғы, қобыз, шертер, үш ішекті домбыра сарындары және аймақтық күйшілік өнеріндегі домбыраға арналған халық күйлері мен кәсіби күйші-композиторлардың туындылары, күй шеберлерінің орындаушылық нұсқалары оқырман үшін үлкен олжа болғанын айта кеткен жөн. Суырып-салмалық өнерге негізделген қазақтың күй мұрасының ішінен аспаптық музыканың 335 таңдамалы үлгісі іріктеліп алынған.
Күйлердің нотасы аудио материалдармен салыстырмалы түрде нақтыланып, сол күйді орындайтын күйшінің тартуымен сәйкестендіріліп хатталған. Күйшілер туралы негізгі мағлұматтар мен күйлердің аңыз әңгімелерден тұратын ғылыми-танымдық түсініктемелері де бірінші томның жалғасы іспеттес қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қоса жарияланыпты.
Сондай-ақ тұңғыш рет қазақтың төл мұрасы ұсынылған басылым заманауи форматта электронды құралдарға көшіріп алып пайдалануға қолайлы болатындай арнайы QR кодпен, CD дискпен бірге жарыққа шығып отыр.
Туындының тұсаукесер рәсімінде көне сарындардың бастау бұлағы, жанрлық ерекшелігі, тарихи даму үдерісі, олардың сақталу мен насихатталу жолдары, ұлттық құндылықтардың келешек ұрпаққа тәрбиелік мәні жайында орамды ойлар айтылды. Мәні ерек еңбектің жарық көруіне кәсіби мамандар, күй өнерін тарихи-теориялық тұрғыдан зерттеген күйтанушы-ғалымдар, көне аспаптардың сақталуына ерекше үлес қосып жүрген белсенділер жұмылдырылып, домбыра күйлерінің аймақтық дәстүрлерін жалғастырған күй шеберлерінің тәжірибесі мен білімі ортаға салынды.
Олардың арасында – ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, филология ғылымдарының докторы К.І. Матыжанов, өнертану докторлары Г.Н.Омарова, С.Ы.Өтеғалиева, филология ғылымдарының докторы Т.А.Қоңыратбай, жоба жетекшісі, өнертану кандидаты А.Ж.Қазтуғанова, өнер ордаларының ректорлары Арман Жүдебаев, Ақан Әбдуәлі, дәулескер күйшілер Шәміл Әбілтаев, Секен Тұрысбеков, Айгүл Үлкенбаева, Абдулхамит Райымбергенов, Нұркен Әшіров қатарлы өнерсүйер азаматтар бар.
Табиғатқа залал келтіргендерге жауапкершілік күшейеді
Үкімет • Кеше
АЭС Қазақстанды қалай өзгертеді?
Қазақстан • Кеше
Нақты пайыздық мөлшерлеме нөлге теңесті
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Мыңнан астам алматылық жаңа кәсіпті меңгерді
Қоғам • Кеше
Ерекше балалар: Ата-ана арманы – аяққа тұрғызу
Қоғам • Кеше
Медицина мамандарына дәріс оқыды
Медицина • Кеше
Медицина • Кеше
Саладағы реформалар жүйелілік пен сапаны талап етеді
Сұхбат • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
«Айқап» журналын алғашқы шығарушы
Руханият • Кеше
Туризм • Кеше
Туризм • Кеше
Ірі жұмыс берушілер маман іздейді
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Оралда ток соққан екі адам жансақтау бөліміне түсті
Оқиға • Кеше
Атырауда 900 мың теңгенің өнімдері заңсыз сатылымға шығарылған
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде жол апатынан 5 адам зардап шекті
Оқиға • Кеше
Абай облысы әкімінің аппаратына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада Румыния Президентінің кітабы таныстырылды
Қазақстан • Кеше
Президент: Каспий – шексіз мүмкіндіктерге жол ашатын теңіз
Президент • Кеше
Алтыншы Каспий саммитінің коммюникесі
Президент • Кеше
Каспий саммитінің келесі жиыны Иранда өтеді
Қоғам • Кеше
Талдықорған маңындағы өзен жағасында белгісіз зат табылды
Аймақтар • Кеше
ШҚО-ның Самар ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңсыз балық аулағандарға жаза күшейтіледі
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар