Аймақтар • 15 Маусым, 2021

БҚО полицейлері өртеніп жатқан көліктен үш адамды құтқарып үлгерген

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҚО-да полицейлер аударылған көліктен үш адамды құтқарып үлгерді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

БҚО полицейлері өртеніп жатқан көліктен үш адамды құтқарып үлгерген

Желаев ауылына жақын жердегі жол бойында автокөлік аударылып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Патрульдік автомашинамен сол жерден өтіп бара жатқан БҚО ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Арман Сарабалинов пен қызмет инспекторы Александр Калиничев көлік апаты болған жерге дереу барып, көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысын көліктен шығарып үлгерген.

Екі секундтан кейін автокөлік жарылды. Тәртіп сақшылары кез келген сәтте көлік жарылып, өздерінің де зардап шегуі мүмкін екеніне қарамастан, адамдардың өмірін сақтап қалды.

– БҚО ПД патрульдік полиция батальонының экипажы қала сыртындағы трассаларда тәулік бойы қызмет етеді. 15 маусымда шамамен сағат 04.00-де қызмет барысында Чкалов көшесінің бойында LADA Kalina маркалы көлік аударылған. Сол жерде жүрген патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына жетіп, ондағы адамдарды шығарып үлгерген. Санаулы секунд ішінде көлік жарылып, өртеніп кетті. Батылдық танытып, адамдарды өлімнен арашалау үшін тәуекелге бел буған полиция қызметкерлерінің бұл әрекеті ерлікпен тең, – деді БҚО ПД ресми өкілі  Болатбек Белгібеков.

Соңғы жаңалықтар

Өрт қаупін азайтқан жүйе

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Алабұғаға да ауа керек

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Кенептегі ғасырлар сыры

Көрме • Бүгін, 08:15

Заңғар ақынның көлігі

Жәдігер • Бүгін, 08:05

Көне сарын күмбірі

Өнер • Бүгін, 08:00

Құныққан өсімқордың ақыры

Қоғам • Бүгін, 00:10