12 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз адам әскерге бармай, «әскери билет» алып беремін деп алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 80 мың теңге ақшасын өзінің есеп шотына аударып алып, алған қаржысын кері қайтармай жүргенін жазып көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.