Әлем • 17 Маусым, 2021

Женева саммиті: Байден-Путин келіссөзі

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Женева ха­лық­­ара­л­ық сая­­си сахна­дағы ірі оқиғалардың бірі – Байден-Путин келіссөзімен назарға ілік­ті. АҚШ пен Ресей президенттері тұңғыш рет бетпе-бет Швейцарияда кездесті.

Женева саммиті:  Байден-Путин  келіссөзі

Сарапшылар бұл келіссөз екі ел байланысының ең күрделі шағында болғанын айтып отыр. Қару-жарақты бақылау, санкциялар мен АҚШ-тың Ресейді кибершабуыл мен сайлауға араласуы туралы айыптаулары екі ел арасындағы қарым-қатынасты қиын­датып тұр. Саясаткерлер аса ірі ше­шім­дерді күтпесе де, кейбір шағын мәселелердің түйіні тарқатылатынына үмітті.

Кездесу Байденнің АҚШ президенті ретіндегі алғашқы шетелдік сапарының соңында өтті. Оған дейін ол G7 сам­ми­ті­не қатысып, НАТО басшыларымен кездесті. Кездесуге келген Джо Байден батыстық әріптестерінің қолдауына ие екенін қуаттай түскен.

Келіссөз өткізуге Женеваның таңдал­уы да кездейсоқ емес. 1985 жылы осында АҚШ президенті Рональд Рейган мен Кеңес Одағының басшысы Михаил Горбачев кездесу өткізген. Сондай-ақ Женева – бейтарап аймақ, онда қазір қос мемлекеттің де өкілі жоқ. Ал Ресей тіпті жақында АҚШ-ты «достас емес» елдердің қатарына қосқан.

Тараптар келіссөздің екі ел арасын­дағы жағдайды жақсартуға ықпал ете­тінінен үмітті. Екі жақты кездесуден кейін Байден мен Путин өздерінің құрамы кең делегацияларының, соның ішінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің және Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың, сондай-ақ аудармашылардың қатысуымен пікірталас өткізді.