Әлем • 17 Маусым, 2021

10 мың жанкүйерге рұқсат берілуі мүмкін

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапония Ол­им­­пия ойын­­дары қар­са­­­­ңын­да спорттық іс-шараларға 10 мың жанкүйерге кіруге рұқсат беруі мүм­­кін. Билік өкілдері бұл мәсе­ле­ні осы айда шешпекші.

10 мың жанкүйерге рұқсат берілуі мүмкін

Министрлер Кабинетінің Бас хатшысы Катсунобу Като БАҚ-қа берген мәлімдемесінде түпкілікті шешім елдегі эпидемиялық ахуал мен індеттің таралуына байланысты болатынын хабарлады.

Экономика министрі Ясутоси Ни­шимура денсаулық сақтау маман­да­ры­ның үкіметтің бұл жоспармен келісіп отырғанын айтты. 10 мың көрермен – зал сыйымдылығының 50 пайызы ғана. Мамандар бұл шешімнің әлі нақты емес екенін ескертті. Десе де жағдай жақсарса, жапондықтар 23 шілдеде басталатын спорттық шараны залда көруге мүмкіндік алмақ.

Ал шетелдіктердің ойынды тамашалау үшін Жапонияға бара алмайтыны белгілі. Бұл – Жапония билігі мен Олимпиада комитетінің қауіпсіз іс-шара өткізуде қабылдаған шешімдерінің бірі.

Сондай-ақ қатысуға келген ше­тел­дік атлеттерге де талап қатал. Қауіп­сіз­дік ережелеріне бағынбаған спорт­шы­лар ескертуден бастап, дисква­ли­фи­кацияға дейін жазалануы мүмкін. Ұйымдастырушылар бір жылға шегеріл­ген ойында қауіпсіздік шараларын барын­ша сақтауға шақырып отыр.