«Жасыл ел» еңбек жасағының жыл сайын маңызы артып, таныла түсуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жасыл ел» бағдарламасына биыл 17 жыл толып отыр. Атырау облысында соңғы 5 жылда 8 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды. Өткен жылы 1 мыңнан аса жас «Жасыл ел» бағдарламасына тартылды. Бұл жоба – ең табысты және ауқымды әлеуметтік жобалардың бірі. Бұл – жастармен жұмыстың өте маңызды құралы. Жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, өздерін туған жердің иесі ретінде сезінуге жетелейді», деді Бақытгүл Хаменова.
Облыстық «Жасыл Ел» еңбек жасағының жетекшісі Абылай Құрметұлының мәліметінше, биыл 1 мыңнан астам жас атыраулық жұмысқа тартылады.
«Жаңа маусымға тіркеу онлайн-режимде жүргізіледі. Еңбек жасағына алынған жастар қолғаппен, бетпердемен қамтамасыз етіледі. Олар қашықтықты сақтап, жұмыс істейді. Еңбек жасағы сарбаздарының жалақысы 50 мың теңгеден асады», дейді Абылай Құрметұлы.