Парламент • 17 Маусым, 2021

Мәулен Әшімбаев қолжетімді баспана мәселесіндегі олқылықтар туралы айтты

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан қолжетімді баспана құрылысында бірқатар проблемалар анықталып отыр. Бүгін Сенат отырысында Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қараған депутаттар осы мәселеге назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәулен Әшімбаев қолжетімді баспана мәселесіндегі олқылықтар туралы айтты

Бағдарламаны іске асыру кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған жалдамалы баспана құрылысы көзделген көрсеткіштің 50 пайызына да жетпеген. Республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы баспана салу жұмысында да жағдай осындай.

Сенат Төрағасы бұл өте өзекті мәселе екенін айтып, мұндай кемшіліктердің негізгі себептерін атап өтті.

«Бұл біріншіден, жоспардың дұрыс жасалмағанын көрсетеді. Яғни, алдын ала сараптамалар тиісті деңгейде жүргізілмеген деген сөз. Екіншіден, мониторингтің әлсіз болғанын білдіреді. Мұндай әлеуметтік маңызы бар істе бақылау тұрақты әрі кешенді түрде жүргізілуі керек. Үшіншіден, сапа мәселесі. Үйдің бағасын арзандатамыз деп сапа жағын төмендетіп алдық. Осыған орай халық тарапынан да наразылықтар туып жатады. Мұндай мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізу керек. Бұл ретте депутаттар заңнамалық тұрғыдан қолдау көрсетуге дайын», деді Мәулен Әшімбаев.