Оқиға • 18 Маусым, 2021

Жас шешендер сайысы

613 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының қолдауымен жастар арасында шешендік пен ұтқыр ой иелерінің сайысы – ауыспалы кубогы өтті. Осымен 19-рет ұйымдастырылып отырған іс-шараға жастар белсене атсалысты.

Жас шешендер сайысы

Пікірсайыс жастардың ой өріс­терін дамытуға және өз ұстаным­да­рын білдіруге жәрдемдеседі. Со­ны­мен қатар кез келген жағ­дай­ды, проблеманы әртүрлі жағы­нан талдауға және жаңа идеяларды қабылдауға икемдейді.

Шешендік пен ұтқыр ой иеле­рінің сайысына еліміздің барлық аймағынан 40 команда қатысты. Биыл турнир Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтті.

Турнирдің негізгі ұйымдас­ты­­рушысы – Nur Otan партия­сы жанындағы Jas Otan жастар қана­ты. Сондай-ақ турнирдің өтуіне Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Alpha academy компаниясы қолдау көрсетті. Аталған компания әр қаты­сушыға сертификат табыстады. Жасотандықтар, белсенділер, студенттер және дебат клубтарының өкілдері өзекті мәселелерді тал­қылап, қазіргі міндеттерді шешу бойынша өз көзқарастарын білдірді.

Турнир барысында жастар «Әлем­нің онлайн форматқа толық кө­шуі», «Барлық қазақстандықты мін­детті түрде вакциналау», «Ел мек­тептерінде буллингтің алдын алу бо­йынша тиімді тәсілдер әзірлеу» және басқа да өзекті тақырыптар бойынша ойларын бөлісті.

Jas Otan қанатының жетекшісі Нұржан Жетпісбаев атап өткендей, пікірсайыс жастардың әлеуетін іске асыруға, жаңа көшбасшыларды тәр­биелеуге көмектеседі және қо­ғам­ның өзекті сұрақтарына жауап береді.

«Пікірсайыс жастарға өз көз­қарастарын жеткізуге көмектеседі. Олардан болашақ саясаткерлер, көш­басшылар қалыптасады, сон­дықтан пікірсайыс қозғалысын қол­дау қажет. Бізге жастар ұйымы ретінде жас белсенділеріміздің өзара пікір алмасуы аса маңызды», деп атап өтті Н.Жетпісбаев.

Турнир қорытындысы бойынша қазақтілділер лигасында бірінші орынды Жамбыл облысы иемденді, екінші орын Ақтөбе облысының дебатшыларына бұйырды, үшінші орын – Түркістан облысында.

Орыстілділер лигасында бірінші орынды Қостанай облысының командасы иеленді, екінші орынға Солтүстік Қазақстан облысының де­бат­шылары ие болды, үшінші орын –  Нұр-Сұлтан қаласының еншісінде.

Пікірсайыс қорытындысында жүлделі орындармен қатар, үздік спикерлер мен үздік төреші де анық­талды.