Президент • 18 Маусым, 2021

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды

88 рет көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жәрдем және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуге арналған заманауи медициналық құралдармен жабдықталған кабинеттерді аралады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордның ресми сайтына сілтеме жасап.

Емханада рентгенография, маммография, флюорография, ЛОР-комбайн, сараптамалық деңгейдегі ультра-дыбыстық зерттеу және басқа да медициналық аппараттар бар. Емхананың соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталуы ауруды дер кезінде анықтап, сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

«Салауатты Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты жаңа амбулаториялық-емханалық кешен бір ауысымда 500 адамды қабылдайды.

Мемлекет басшысына медициналық орталықта тіркелген тұрғындарға 23 сала бойынша алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілетіні туралы айтылды. Сондай-ақ ересектер мен балаларға оңалту қызметтері көрсетіледі. 150 орындық күндізгі стационар жұмыс істейді.

Президент медициналық орталықтың ұжымына жедел жәрдем көлігін алуға сертификат табыстады.

Қазіргі таңда елордада 180 мың адам коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін алған. 128 мыңнан астам азамат екпенің екінші компонентін салдырды. Еңбек ұжымдарын вакциналау белсенді жүргізіліп жатыр.

Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін 650 мыңнан астам адамға немесе қала тұрғындарының 60 пайызына екпе егу жоспарлануда.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарындағы вакциналау пункттері 100-ге дейін көбейді, сондай-ақ, сауда және ойын-сауық орталықтарында қосымша 8 пункт қызмет көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Еңбекпен есейген ер

Қазақстан • Кеше

Бейтаныс сағыныш

Әлем • Кеше

Жалғыздық аралы

Кино • Кеше

Елордада қар жауады

Қазақстан • Кеше

Бүгін машина жасау күні

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар