Қазақстан • 18 Маусым, 2021

Қазақстан мен Ауғанстан Әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен Ауғанстан президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдулла Мохибпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Ауғанстан Әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, кездесуде Ауғанстан төңірегіндегі ахуал жөніндегі мәселелер талқыланды. Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев еліміз Ауғанстандағы республикалық демократиялық жүйенің сақталуын қолдайтынын атап өтті. Министр шетел әскерлерінің шығарылуы елдегі жағдайды тұрақтандыруға негіз болады, сондай-ақ қақтығысушы тараптардың келіспеушіліктерін жою үшін ымыралы шешімдер табылады деген үмітін білдірді.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойылды. Аталмыш құжат 2017 жылғы шілде айында Ауғанстан Ислам Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Мохаммад Атмардың Қазақстан Республикасына сапары барысында жасалған келісімі негізінде әзірленді.

Соңғы жаңалықтар

Өрт қаупін азайтқан жүйе

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Алабұғаға да ауа керек

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Кенептегі ғасырлар сыры

Көрме • Бүгін, 08:15

Заңғар ақынның көлігі

Жәдігер • Бүгін, 08:05

Көне сарын күмбірі

Өнер • Бүгін, 08:00

Құныққан өсімқордың ақыры

Қоғам • Бүгін, 00:10