Оқиға • 18 Маусым, 2021

«Súıikti astana» сурет байқауы жарияланды

1408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана күніне орай жүлде қоры 950 мың теңгені құрайтын «Súıikti аstana» атты байқауы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Súıikti astana» сурет байқауы жарияланды

Биыл Қазақстанның елордасы – Нұр-Сұлтан қаласына 23 жыл толмақ. Осыған орай, барлық қазақстандықтардың еліміздің бас қаласының көркем суреттерін байқауға жолдауға мүмкіндіктері бар. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 21 маусымына дейін жалғасады.

Байқау жеңімпазы 300 мың теңгенің иесі атанады. 2 орын үшін жүлде - 200 мың теңге, 3 орын үшін - 100 мың теңгені құраса, 4-10 орын жеңімпаздарына 50 мың теңгеден сыйақы беріледі.

Байқаудың қорытындысы 2021 жылдың 6 шілдесінде Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.00-ге дейін белгілі болады.

Байқауға Нұр-Сұлтан қаласында түсірілген, бұрын ешқандай ақпарат құралдарында (жарнаманы, фотоматериалдардың деректер базасын, әлеуметтік желілерді және т.б. қоса алғанда) жарияланбаған, барлық авторлық құқықтары қатысушыға тиесілі бірегей суреттер қабылданады.

Байқауға 18 жастан асқан қазақстандықтар қатыса алады. Байқаудың барлық кезеңінде қатысушыға тек бір ғана сурет жолдауға рұқсат етіледі.

Байқаудың толық ережелерімен Instagram-дағы Súıikti аstana парақшасынан танысуға болады.

 

Ботагөз АМАЛБЕК

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше