Әлем • 18 Маусым, 2021

Антониу Гутерриш екінші мерзімге БҰҰ Бас хатшысы болып тағайындалды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ Бас Ассамблеясы жұма күнгі отырыста Антониу Гутерришті дүниежүзілік ұйымның Бас хатшысы етіп екінші мерзімге тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Антониу Гутерриш екінші мерзімге БҰҰ Бас хатшысы болып тағайындалды

Тиісті шешім туралы отырыста БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясының төрағасы Волкан Бозкыр мәлімдеді.

«Мен 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін Антониу Гутерриштің БҰҰ Бас хатшысы болып екінші мерзімге тағайындалғанын жариялау құрметіне ие болдым», деді ол. Гутерришті тағайындау туралы шешім дауыс берусіз қабылданды.

Тағайындау туралы хабарланғаннан кейін, Бозкыр сыртта шешім күтіп тұрған Гутерришті залға шақырып, ант бергізді.

Гутерриш БҰҰ Бас хатшысы қызметіне жалғыз үміткер болды. Бұған дейін оны дүниежүзілік ұйымның Қауіпсіздік Кеңесі қолдаған. БҰҰ Бас Ассамблеясы Қауіпсіздік Кеңесінің ұсыныстарымен бір рет қана 1950 жылы келіспеген болатын.

Айта кетейік, БҰҰ Бас хатшысы бес жылдық мерзімге сайланады.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше