Екі бөлімнен тұратын көрме қазақ батырлары және самурайлардың әскери сауыт-саймандары, қару-жарақтарымен ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Жапония тарихы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық мәдени һәм тұрмыс бұйымдарымен таныстырса, күміс залда самурайлық үрдіс насихатталып, жапон өнері мен дәстүрі ұсынылды.
Оған қоса көрме залында «Бес қару» жауынгерлік құрал-сайман жиынтығы, сарбаздың қорғаныс жарағы, сондай-ақ батырлық дәстүрдің пайда болуына ықпал еткен көшпенді мәдениеттің тарихы мен жетістіктері жайлы баяндайтын жәдігерлер ұсынылса, ортағасырлық жауынгерлер типі – батырлар мен самурайлар бейнесін бір-бірімен тығыз байланыстыра көрсетуімен құнды болды.