Оқиға • 21 Маусым, 2021

Елордалық полицей суға батып бара жатқан әйелді құтқарды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада 35 жастағы әйел Ескекшілер каналын жүзіп өтпек болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордалық полицей суға батып бара жатқан әйелді құтқарды

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 11.25-те «102» арнасына Еске есу каналында суға адам батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Шақыртуға жедел түрде аға лейтенанттар Айдос Ағабеков пен Нұрсұлтан Сейдалиев жіберілді. Оқиға орнына жеткен полицейлер өзен ортасынан әйелді көрген. Айдос Ағабеков киімін шешіп, суға секірді. Аға лейтенант қас қағым сәтте әйелдің жанына жетті. Әбден әлсіреген әйел қарману кезінде полиция өкілінің жағаға шығуына кедергі келтірген. Жағадағы сақшы әріптесіне үрленген шеңбер лақтырып, екеуін жағаға шығарды», деп жазылған департаменттің ақпаратында.

35 жастағы әйел ескек есушілерге арналған каналды жүзіп өтпек болған. Арнаның ортасына жеткенде әлсіреп қалған.

«Әйелге жүзіп жеткен кезде, қорқыныштан денесі сіресіп, кедергі келтірді. Мен өзім де батпай, оны да аман алып шығуа тырыстым», дейді аға летенант Айдос Ағабеков.

Әйелге медициналық көмек көрсетілді, оның өміріне қауіп жоқ.