Аймақтар • 22 Маусым, 2021

Жоспарланған жоба жетерлік

168 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Соңғы екі жылда Алматының Индустриалды аймағында атқарылуға тиіс жұмыстарға байланысты Өңірлік үйлестіру кеңесінің мүшелері 12 отырыс өткізген екен. Бұл жиындар мемлекетіміздің доноры болып келе жатқан мегаполиске не берді?

Жоспарланған жоба жетерлік

Өңірлік үйлестіру  кеңесі мү­шелерімен көшпелі кеңес өт­кізген Алматы қаласының  әкімі Бақытжан Сағынтаев кезекті рет қаланың Индустриалды аума­ғындағы жобалармен танысты.

Осыдан екі жылдай бұрын Өңірлік үйлестіру кеңесінің (ӨҮК) жұмысы қайта форматталған еді. Оның құрамына сарапшылар, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен салалық кәсіподақтардың басшылары енген.

Өткен екі жылда ӨҮК 12 отырыс өткізсе, 172,3 млрд тең­генің 51 жаңа жобасы қолдау тауып, 6,5 мыңнан астам жұ­мыс орны құрылған. Ал инвес­тор­ларға 185 гектар жер телімдері берілген. Сондай-ақ тиімсіз пай­даланылған 15 гектар учаске оңтайландырылды. Сонымен қа­тар 38 жоба іске асырылу ди­нами­касының болмауына байланысты ПАА портфелінен шы­ғарылды, 156 га аумақ босатылды.

Осы Индустриалды аймақта «Г.С.Г. Высотник» және «СК Рахат» ЖШС атауларына ие ав­ток­лавталған газбетон шы­ғаратын екі кәсіпорын іске қо­сылып, екі ком­пания да әрлеу және пайда­ла­нуға беру жұмыстарын аяқтап қалды.

Жобаларға 2 млрд-тан астам теңге инвестицияланып, 165-тей жұмыс орнын құру жоспарланған. Бұл жобалар іске асса, Алматы қаласы мен облыстағы құрылыс компа­ниялардың жоғары сапалы газбетон блоктарына деген сұранысы қанағаттандырылмақ.

Индустриалды аймақтағы 10 гектардан астам алқап алюминий және биметалл радиаторларын шы­ғаратын Қазақстандағы алғашқы зауытты салатын Valtherm ЖШС-не берілген. Өн­дірістік нысанның бірінші ке­зеңдегі құрылыс-мон­таждау жұ­мыстары аяқталып, қа­зіргі уа­қытта сыртқы желілер тар­тылып, аумағы абаттандырылып жатыр. 430 жұмыс орнын құруға тиіс өндіріс орнын биыл қыркүйек айын­да іске қосу жоспарланған.

Биылғы жылдың бірінші тоқ­­санында Индустриалды ай­мақта қуаты жылына 25 мың тон­надан астам өнім шығаратын KMK Investment ЖШС мыс және алюминий шыбық зауыты пайдалануға берілді. Жобаның құны 11,3 млрд теңгені құрайды. 2018 жылы KMK Investment жылына 20 мың км кабель және сым өнімін шығаратын зауытты іске қосқанын айта кеткен жөн. Салынған инвестиция 12,7 млрд теңгені құрады, 100 жұмыс орны ашылды. Инвестордың болашақ жоспарлары жетіп артылады. Таяу келешекте Индустриалды аймақта Еуразиялық энергетикалық комбинат ашуды жоспарлап отыр. Мұнда кабельдік өндіріске қа­жетті кабельдер, полиэтилен және пропиленге арналған ин­но­вациялық муфталар, қорыт­палардан жа­салған өте жеңіл ка­бельдік нау­а­лар, сонымен қа­тар энергия ти­ім­ділігі және ин­но­вациялық әзірлемелер сала­сындағы ғылыми-зерттеу институты болады.

Шілде айында Индустриалды аймақта 65 жұмыс орнын ашу­ға мүмкіндік беретін құны 512 млн теңгені құрайтын Kaz-Dia-Test ЖШС медициналық-диагностикалық сынақ жүйелерін шығаратын зауыт іске қосылмақ. Компания жұқпалы және он­ко­­логиялық ауруларға жедел тест­тер шығаруды, сондай-ақ мә­дени медианың алғашқы отан­дық, сериялық өндірістік өн­ді­рісін дамытуды жоспарлап отыр. Пандемияға және жа­һан­дық жағдайларға байланыс­ты зауытта ПТР-сынақтарын, коро­навирусқа арналған экспресс-тесттер мен онкологияны ал­ғаш­қы сатыда анықтайтын жаңа ав­томаттандырылған желіні іске қосу жоспарлануда. Бүгінгі күні өндірістік ғимарат салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары  аяқталды, бөлмелердің ішін әрлеу жұмыстары жүруде.

Сондай-ақ «Әлмерек» ЖШС медициналық өнімдер шығаратын зауытты іске қосты.  Кәсіпорында бір реттік стерильді терапевттік шпатлалар, зондтар, жиынтықтар, скарификаторлар, сұйықтықтарды ва­кууммен қабылдау жүйелері өндірісі басталды. Жобаға 443,4 млн теңге жеке инвестиция құ­йыл­ды, 50 жұмыс орны құ­рылды.

Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев химия, құрылыс және машина жасау салалары бо­йын­ша «BСФ» ЖШС, «ЖБИ Гарант», «Әлем тынысы» ЖШС, City Stone ЖШС, «Электробар» ЖШС, «Теплостил» ЖШС жаңа нысандарының құрылысымен танысты. Бұл инвестициялық жо­балардың жалпы сомасы 3,8 млрд теңгені құрайды, кәсіп­орын­дарда 340 жұмыс орны құрылады.

Бұдан бөлек 6,2 мың жұмыс орнын құратын 211,7 млрд теңгелік жобалары бар 54 компания Ал­маты қаласының индустриалды аймағына қатысады. Бүгінгі күні 14 жоба іске асырылды, оның жал­пы сомасы 75 млрд теңге, 2248 жұмыс орны құрылды.

Өңірлік үйлестіру  кеңесінде айтылғандай, 2021 жылдың аяғына дейін жалпы сомасы  40,5 млрд теңгені құрайтын 9 жоба, яғни «СК Рахат», «Г.С.Г. Вы­сот­ник», «Каз-Диа-Тест», City Stone, «Әлем Тынысы», Asia steel pipe corporation, «Электробар», Valtherm, Technokont кәсіп­орын­да­рын іске қосу жоспарланса, бұл жобалар 823 адамға жұмыс тауып беруі тиіс.

Сол сияқты Алматының іс­керлік аумағында биыл 5 өнді­рістік парк ашу, ШОБ үшін 22 мың шаршы метр өндірістік алаңды пайдалануға беру жоспарланып отырғаны мәлім болды. Бұлардың жалпы құны – 2,3 млрд теңге және 860 жұмыс орны құрылады.

2025 жылға дейін Индус­триалды аймақта инвестициялық жалпы құны 93 млрд теңге болатын 28 жобаны іске асыру,

3 мың­нан астам жұмыс орнын құру жоспарланған.

 

АЛМАТЫ