Әлем • 22 Маусым, 2021

Өзбекстан Ауғанстанмен шекарасын уақытша жапты

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі мен бірқатар мүдделі тараптардың ұсынысы бойынша Республикалық арнайы комиссия Ауғанстан Ислам Республикасында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың ушығып келе жатқандығын ескере отырып, өзбек-ауған шекарасы арқылы азаматтардың өтуін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстан Ауғанстанмен шекарасын уақытша жапты

ДСМ-нің мәліметінше, Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтарына туристік визалар беру, сондай-ақ туристік агенттіктерден визалық өтініштерді қабылдау да тоқтатылады.

Тек, «Терміз-Автожол» шекара бекеті арқылы келесі санаттағы азаматтар мен көлік құралдарына өтуге рұқсат берілген: дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдардың қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері; халықаралық жүк тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер; өз еліне қайтып жатқан Өзбекстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтарына рұқсат.

Сондай-ақ «Терміз-Автожол» шекара бекеті арқылы Өзбекстан Республикасына келетін адамдар тарапынан өткізу пунктінде жұмыс істейтін арнайы клиника немесе зертханада антигенді экспресс-тестінің теріс нәтижесі болған жағдайда, ол ӨР аумағына қабылданады.

Коронавирус инфекциясының оң нәтижесі бар Өзбекстан Республикасының азаматтары облыстағы арнайы клиникаларға емделуге жіберіледі. Коронавирус инфекциясының оң нәтижесін көрсеткен шетел азаматтары Өзбекстан Республикасының аумағына кіргізілмейді.

Бұдан бөлек, сынақ ретінде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық сақтау қызметі Өзбекстан Республикасына шекара бекеттері арқылы кіретін барлық азаматтардан, ел аумағына кіргеннен кейін 7 күнге дейін коронавирус инфекциясына полимераза тізбекті тексеру өткізіліп, сынақ шығындарын мемлекеттік бюджеттен өтеу жүйесі енгізіледі.