20 жастағы жігіт Өскемен – Семей тасжолымен облыс орталығы бағытында келе жатып, Нұрлыкөш ауылының маңында ер адамды қағып кетті.
«Апат салдарынан ер адам жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлігі 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады полициядан.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, бірқатар сот сараптамасы тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.