Оқиға • 22 Маусым, 2021

Оралда мас күйінде жол апатын жасаған полицей қызметінен қуылды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда мас күйінде жол апатын жасаған полицей қызметінен қуылды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда мас күйінде жол апатын жасаған полицей қызметінен қуылды

БҚО полиция департаменті тәртіптік комиссиясының 21 маусымдағы шешімімен теріс іс-қылық жасағаны үшін Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Берік Ибрашев ішкі істер органдарынан босатылды. Оның тікелей басшылары да қатаң тәртіптік жауапкершілік тартылды.

Сондай-ақ Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының 21 маусымдағы қаулысымен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабы 3-бөлігіне сәйкес Б.Ибрашев жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

 

 

Соңғы жаңалықтар