Аймақтар • 22 Маусым, 2021

Алматыда 99-дағы кейуана COVID-19 -ға қарсы вакцина алды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін №36 Қалалық емханада 99 жастағы алтын құрсақты Батыр ана – Зағиша Чалова екпе алды. 12 баланың анасы және 15 немеренің әжесі «Спутник V» ресейлік препаратын таңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 99-дағы кейуана COVID-19 -ға қарсы вакцина алды

«Бұл менің жеке шешімім, мен бұл індет мені де, туыстарымды да айналып өтсе деймін. Балаларымның барлығы екпе алып қойған. Қазір өзімді жақсы сезінем, ешқандай жайсыздық болған жоқ. Өзімді нашар сезінген жоқпын, ары қарай да осылай болады деп үміттенемін», дейді алтын құрсақты әжеміз.

Екпе кампаниясы басталғаннан бері Наурызбай ауданы бойынша бүгінгі күнге 27 мың адам екпе алса, оның 40% №36  Қалалық емханасында алған.

Аудан бойынша екпе алғандардың арасында вакцинадан соң еш асқынулар орын алмаған.

«Біз елді мекеннің вакцина алғысы  келетіндердің саны көбейіп жатыр. Әр азамат бекітілген жеріне қарамастан қаладағы қалаған емханада вакцина ала алады. Күнделікті біздің емханаға коронавирус инфекциясынан вакцина алуға 150 -200 шақты адам келеді», дейді №36  Қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген.

 

Айнаш ЕСАЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»

 

АЛМАТЫ