Көкшетау қаласында орналасқан облыстық мәдениет басқармасына қарасты Әдебиет және өнер музейі атты шағын мекеме бар. Оған жуықта жолымыз түсті. Көрме залында атақты тәпсірші-ғалым Ибн Касирдің еңбегі тұрғанын аңғардық.

Бұл ғұламаның толық аты-жөні – Умар ибн Касир әл-Бусрави ад-Димашки. Жарықтық 1301 жылы Шам елінің Бусра қаласында туып, 1373 жылы Дамаскіде дүниеден өткен екен. Бұл – ислам әлемінде мәмлүктер билігі үстемдік құрған заман. Ғалымның жазған Құран тәпсірлері мен фиқх-құқықтану жайлы жазған еңбектері күні бүгінге дейін құнын жоймаған мәңгілік ілім есебінде.
Бізді толғандырған мәселе «мұсылман әлемінде аса бағалы саналатын ғалымның еңбегі мұнда қайдан жүр?». Мекеменің ғылыми қызметкері Бақытбек Бекмұратұлы айтқан мәліметке жүгінсек, кітаптың мұқабасы һәм алғашқы беттері болмауынан қай жылы, қайда жарық көргені белгісіз, тек сыртқы бетіне «3-ші том» деп қарындашпен жазылған белгі ғана бар. Өткен ғасырдың 90-жылдары бұл мекеме ашылғанда жеке адамдар жүздеген діни кітаптар әкеліп тапсырған көрінеді. Бұл кітап сол дүрмектің ішінде келіп қалған сыңайлы.
Хош сонымен... Құнды еңбектің келген-кеткен ізін аңдай алмай аңырып отырғанымызда, кенет бір саңылау сәуле көрінгендей болды. Нақтырақ айтқанда, өткен мамыр айының аяғында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың мұрындық болуымен «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» атты үштомдықтың тұсауы елордада кесілді. Осы жинаққа ашаршылық жайлы 1126 дерек топтастырылыпты. Осылардың ішінде 449 құжат бұрын-соңды жарық көрмеген дейді. Соның бірі – бірінші томының 668-бетінде жарық көрген №182 құжат.
Құжаттың мазмұны – Ақмола округы Асан-қайғы район (қазіргі Жаңаарқа ауданы) тұрғыны Ахмет Әділбаевтың БОАК-нің Төралқасына және И.Сталинге жазған хаты екен. Жолданған уақыты: 1928 жылдың 17 желтоқсаны. Құжаттың қысқаша мазмұнына тоқталсақ, Әділбаев өзінде ірілі-ұсақты 52 бас малы барын айтып, отбасымен бірге Гурьев округіне «қауіпті антисоветтік элемент» ретінде жер аударылуының негізсіз екенін, хандар, сұлтандар тұқымына жатпайтынын айтып: «Мен жоғары мұсылман білімін алғаш Ақмола губерниясында, онан соң екі жыл Мединеде, Арабиядағы «Ишфха» медресесінде, онан соң Египеттің Каир қаласындағы «Жамие Асхари» медресесінде алдым. Отаныма араб тарихшылары: Ибн Халдунның, Ибн Касирдің, Талфикул Акбардың, Ибн Халекеннің және басқалардың еңбектерін алып оралған мен ислам тарихын жаза бастадым. Осы тарихқа байланысты қабір ескерткіштерін және Қазақстанның өзіндегі исламның тарихына байланысты жазба құжаттарды зерттей бастадым. Осындайда қазақ байларын жер аудару және олардың мүлкін тәркілеу науқанында Ақмола ОГПУ-і менің 45 пұт кітаптарымды, соның ішінде жоғарыда көрсетілген араб тарихшыларының шығармаларын, сондай-ақ менің Мединедегі, Каирдегі курстарды бітіргендігім туралы дипломдарымды және Константинополде тапсырған Шейх уль Ислам атағымды алып қойды...» депті.
Ендеше, Әділбаевтың жоғарыдағы шағымхатын тәпсірлеп көрейік. Бұл жерде назар аударатын үш дерек тұр. Біріншісі, «Ибн Касирдың еңбектерін алып келдім» депті. Демек, ғұламаның кітаптары Арқа жеріне Әділбаев арқылы жеткені анық. Сөйтіп, ана музейдегі жәдігердің сыры анықталды. Екіншіден, «45 пұт кітабым тәркіленді» депті. Есептеп көрсек: 45 х 16 = 720 кг кітап. Бұл дегеніміз – теңіздей білім. Мұның бәрі тәркіленген. Біз кәмпеске науқаны мал-дүниеге ғана келген нәубет деп жүрсек, ілімнің көзі құнды кітаптар да тәркіленген екен. Үшінші дерек – «Шейх уль Ислам» атағы. Бұл ілімінің шыңына жеткен адамға ғана берілетін дәреже. Әлемнің кез келген жерінде ілім үйретуге фатуа беруге болады деген сөз. Мұндай атаққа қолы жеткен адам Орталық Азияда санаулы.
БҚО-да жел сот ғимаратының шатырын ұшырып әкетті
Аймақтар • Кеше
Тоқаев пен Путиннің кездесуі 2,5 сағатқа созылды
Президент • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Қазақстан Президенті Ресей басшысымен келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
ТМД саммиті қазан айында өтеді
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен кездесті
Президент • Кеше
«AMANAT» шенеуніктерді жауапкершілікке тартады
Қоғам • Кеше
СҚО-да жеті айда 464 интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Кеше
Алматыда қала құрылысының кеңесі құрылды
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Сочи қаласына барды
Президент • Кеше
Елордада Әуезов көшесі уақытша жабылды
Елорда • Кеше
Щучинсктегі ойын алаңында 9 жастағы бала жарақат алды
Аймақтар • Кеше
Мектеп директорларының жалақысы өсуі мүмкін
Білім • Кеше
Екі облыста дін мәселелері туралы ақпараттық жұмыс жүргізілді
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері елордада 456 өрт тіркелді
Елорда • Кеше
Ақтауда жасөспірім көпқабатты үйден құлап кетті
Оқиға • Кеше
Көлік полициясы есірткі тарату арнасының жолын кесті
Қоғам • Кеше
Нұр-Сұлтанда мектеп салынатын учаскелер белгіленді
Елорда • Кеше
Қазақстанның екі қаласынан Вьетнамға әуе рейстері қатынайды
Қазақстан • Кеше
Атырау облысында әскери қызметші көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мектептері бес күндік оқу аптасына көшеді
Білім • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Елімізде бір жылда қант 86,6% қымбаттады
Қоғам • Кеше
Өскеменде есірткі тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды
Қоғам • Кеше
Елордада Орталық Азия волонтерлер форумы басталды
Елорда • Кеше
Ресейде оқ-дәрі қоймасы өртенді
Оқиға • Кеше
Головкин мен Альварес бір айдан соң рингте кездеседі
Кәсіпқой бокс • Кеше
Ақмолада қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жыл соңына дейін елімізде 5 ұшақ сатып алынады
Қоғам • Кеше
Анна Данилина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Кеше
Ұқсас жаңалықтар