Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа Ресей империясы дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар, дамымаған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.

Соғыс салдары барлық халықтарға, соның ішінде қазақтарға да асар ауыр зардабын тигізді. Осы кезде қазақ даласынан майдан үшін орасан көп жылқы, ауылшаруашылық өнімдері жөнелтілсе, Түркістан өлкесінен 40 899 044 пұт мақта, 38 мың шаршы метр киіз, 3 млн пұт мақта майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет, 473 928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12 797 түйе күштеп алынып, майданға жолданған екен.
Қазақ қоғамы осындай ауыр жағдайды бастан өткеріп жатқан тұста, 1916 жылы маусым айында патшалық билік «Июнь жарлығын» шығарды. Онда: «Империяның бұратана халықтарының ер адамдарын қимыл үстіндегі армияның қорғаныс һәм әскери құры-
лыстарын салуға, сонымен қатар мемлекеттік қорғаныс үшін қажет басқа да жұмыстарға тарту туралы» жарлық шығарып, бұратаналарды тыл жұмысына жегу арқылы армия қатарын толықтыруға қажет орыс шаруалары мен жұмысшыларын босатып алуды көздеді.
Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде қазақтар қоныстанған далалық облыстардан – 100 мыңнан астам, Жетісу өңірінен 87 мың адам тарту жоспарланған.
Қазақтардың туу туралы куәлігінің жоғын пайдаланып болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан, кедей жігіттерді майданға жұмысқа алынатын «қара тізімге» қосып, тамыр-таныстарының балаларын жасын үлкейтіп немесе кішірейтіп әскерге жібермеудің амалын жасап бақты.
Мәселен, 50-60 жастағы кедей шалдар 30 жаста болып, 25-30 жастағы бай балалары 50 жастан асқан болып жазылды. Сол кездегі Саратов губерниясының депутаты А.Ф.Керенский 60 жас-
тағы шалдардың 30 жаста болып жазылғандығын, ал бай балаларының 25-30 жастағылары 50-ден жазылған
дығы орыс шенеуніктері мен жергілікті қазақ әкімсымақтарының парақорлығы деп шенейді.
Алаш қайраткерлері осы аласапыран жағдайды «қазаққа қалай пайдаланамыз» деген көзқарасты ұстанды. Сөйтіп, «Қазақ» газеті бетінде талқылау жүргізіліп, күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды. 1916 жылы шілде айында алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтар газет арқылы халыққа үндеу тастады.
Осы үндеуде: «Отандастарымыз – орыс халқы, діндестеріміз – мұсылмандар, татар халқы, сондай-ақ басқа да көрші халықтар өрттің жалынында лаулап жанып жатыр. Бізге бұдан сырт қалуға болмайды. Өзіміз боданы болып отырған өкіметтің бұйрығынан бас тарту, басымызды сауғалап үйден шықпау, мемлекетті қорғауға атсалыспау, дұшпанға көмек көрсетумен пара-пар» дей отырып, қазақтың бұл жарғыға қарса шықпауын, қайта тылға барып соғыс өнерін үйрену қажет екенін, ең соңында жоғарыдағы соғыста Ресей жеңіске жетсе, қазақ автономия сұрауға толық үмітті боларын халыққа түсіндіріп бақты.
Соңынан көтеріліс басылып, қазақ жігіттері майданға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас-көз болып, кейін аман-есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда алаш арыстары бастаған қазақ зиялылары бірге майданға аттанды. Бұны нағыз патриотизм деп түсіну керек. Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігітерінің елге оралуы екіталай еді.
БҚО-да жел сот ғимаратының шатырын ұшырып әкетті
Аймақтар • Кеше
Тоқаев пен Путиннің кездесуі 2,5 сағатқа созылды
Президент • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Қазақстан Президенті Ресей басшысымен келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
ТМД саммиті қазан айында өтеді
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен кездесті
Президент • Кеше
«AMANAT» шенеуніктерді жауапкершілікке тартады
Қоғам • Кеше
СҚО-да жеті айда 464 интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Кеше
Алматыда қала құрылысының кеңесі құрылды
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Сочи қаласына барды
Президент • Кеше
Елордада Әуезов көшесі уақытша жабылды
Елорда • Кеше
Щучинсктегі ойын алаңында 9 жастағы бала жарақат алды
Аймақтар • Кеше
Мектеп директорларының жалақысы өсуі мүмкін
Білім • Кеше
Екі облыста дін мәселелері туралы ақпараттық жұмыс жүргізілді
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері елордада 456 өрт тіркелді
Елорда • Кеше
Ақтауда жасөспірім көпқабатты үйден құлап кетті
Оқиға • Кеше
Көлік полициясы есірткі тарату арнасының жолын кесті
Қоғам • Кеше
Нұр-Сұлтанда мектеп салынатын учаскелер белгіленді
Елорда • Кеше
Қазақстанның екі қаласынан Вьетнамға әуе рейстері қатынайды
Қазақстан • Кеше
Атырау облысында әскери қызметші көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мектептері бес күндік оқу аптасына көшеді
Білім • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Елімізде бір жылда қант 86,6% қымбаттады
Қоғам • Кеше
Өскеменде есірткі тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды
Қоғам • Кеше
Елордада Орталық Азия волонтерлер форумы басталды
Елорда • Кеше
Ресейде оқ-дәрі қоймасы өртенді
Оқиға • Кеше
Головкин мен Альварес бір айдан соң рингте кездеседі
Кәсіпқой бокс • Кеше
Ақмолада қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жыл соңына дейін елімізде 5 ұшақ сатып алынады
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар