Әдебиет • 23 Маусым, 2021

Әдеби альманах жарық көрді

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусь мемле­кетінің Ұлттық кі­тап­ханасында екі ел жазушылары кездесу өткізіп, «Қа­зақ­стан-Беларусь әдеби аль­манағы» таныс­тырылды.

Әдеби альманах жарық көрді

Жинаққа Абайдан бас­тап, Қ­асым Аманжолов, Жұбан Мол­да­ғалиев, Кемел Тоқаев, Олжас Сү­лейменов, Мұрат Әуезов, т.б. қазақ қаламгерлерінің шығармалары енген.

Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Тө­тенше және өкілетті елшісі Асқар Бейсенбаев таныстыру рәсімінде екі ел арасындағы мәдени және гума­нитарлық ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасатынын тілге тиек етіп: «Біз бүгін Қазақстан мен Беларусь басшылығының бірлескен күш-жігерінің арқасында екі елдің мәдени диалогы сенімді болып көрінетінін мақтанышпен айта аламыз», деді.

Сондай-ақ Беларусь Ұлттық кітапханасының директоры Оксана Книжникова соңғы уақытта екі ел арасындағы қарым-қатынастар қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстанның әдеби мұрасының үздік үлгілерін Николай Метлицкий, Михаил Поздняков және басқалар аударған. Сондай-ақ екі ел ара­сындағы әдеби байланыстың жал­ғасы ретінде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы жа­рық көрмек. Шығарманы Михаил Поздняков тәржімалауда. Ал аль­манах­тың кезекті шығарылымы алдағы жылға жоспарланып отыр.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь жазушылары екі елдің ынтымақтастығы мен әдеби байланыстарын одан әрі кеңейту жөнінде нақты ұсыныстар әзірлемек.

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00