Үкімет • 23 Маусым, 2021

Вакцина салдырмағандарға шектеу енгізіледі

662 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ-да өткен брифингте елдегі күшейтілген карантинге байланысты енгізілген бірқатар шектеуге тоқталып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вакцина салдырмағандарға шектеу енгізіледі

Covid-19-ға қарсы вакцина алмаған (медициналық қарсы көрсетілімдері бар және жазылып шыққандарды қоспағанда) қызмет көрсету саласының жұмысшылары, ірі ұйымдасқан ұжымдар үшін жұмысқа келу бойынша шектеулер енгізіледі;

КВИ-ға қарсы вакцинациядан бас тартатын (КВИ-ға қарсы вакцинациялауға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ) қызмет көрсету саласының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу талабы енгізіледі;

Ashyq жобасына жаңа кәсіпкерлік субъектілерін қосу үшін, сондай-ақ жоба шеңберінде жұмыс істеп тұрған субъектілердің (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмысын жалғастыру үшін барлық персонал мен сауда нүктелерін жалға алушыларды вакцинациялау қажеттілігі бойынша талап енгізіледі;

Ashyq жобасына СОО, СҮ және азық-түлік емес базарлар кіреді.