Қаржы • 24 Маусым, 2021

ASTANA FINANCE DAYS 2021 конференциясы өтеді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Astana Finance Days (AFD) - бұл «Астана» халықаралық қаржы орталығы жыл сайын өткізетін өңірлік қаржы форумы. 2018-2020 жылдары AFD әлемнің 100 елінен 13000-нан астам қатысушыны жинады. 2020 жылы форумға 100-ден астам елден 5000-нан астам қатысты, деп жазады Egemen.kz.

ASTANA FINANCE DAYS 2021 конференциясы өтеді

1-3 шілдеде АХҚО-ның негізгі стейкхолдерлері мен серіктестері нарықтарға дағдарыстан қалыпқа келуге мүмкіндік беретін инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсынады.

«Өсуді қалпына келтіру» жалпы тақырыбына арналған онлайн-конференция бағдарламасы келесі іс-шаралардан тұрады:

  • Fin&Tech Summit:
  • Visa сессиялары
  • Mastercard сессиялары
  • Fin & Tech
  • Business Connect Форумы
  • Жасыл өсу форумы
  • Макроэкономикалық форум
  • Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту форумы
  • Білім беру технологиялары форумы
  • АХҚО құқық конференциясы
  • Ислам капитал нарығы жөнінде ISFB-AIFC семинары және т. б.

Онлайн-конференцияның спикерлері мен қатысушылары қатарында жергілікті және шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнестің, кәсіби және ғылыми қоғамдастықтың және т.б. өкілдері болады.

Тіркелу үшін сілтемеге өтіңіз: https://astanafindays.org/kz