Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Д.Бәйдәулет финалда корт иесі, осы доданың 5-ракеткасы Дарья Есипчукпен кездесті.
Қазақстандық теннисші 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Кеше Д.Бәйдәулет жұптық сында литвалық Ума Бакайтитемен бірге аса тартысты матчта украиналықтар Катерина Лазаренко - Анита Сагдиеваны 4:6, 6:3, 10:5 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша Дана жекелей және жұптық сында үздік шығып, абсолютті чемпион атанды. Ол биылғы маусымда бұған дейін де бір рет финалға шыққан болатын.
Отандасымыз жарыс барысында қарсыластарына бірде-бір сет бермегенін, алдағы уақытта да шеберлігін жетілдіруге бар күшін салатынын жеткізді.