Коронавирус • 27 Маусым, 2021

«Спутник V» вакцинасын жүкті әйелдерге қолдану нұсқаулығы жарияланды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған препаратқа арналған жаңартылған нұсқаулық пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Спутник V» вакцинасын жүкті әйелдерге қолдану нұсқаулығы жарияланды

«Спутник V» коронавирусқа қарсы вакцинасын жүкті әйелдерге препараттың ана үшін күтілетін пайдасы іштегі нәрестеге ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолдану керек.
«Жүктілік кезінде «Гам-ковид-вак» препаратын клиникалық қолданудың тәжірибесі жоқ. Жануарларда репродуктивтік уыттылықты зерттеу барысында жүктіліктің өтуіне, эмбриофеталдық дамуына (аналықтарда) және ұрықтың пренаталдық дамуына теріс әсері анықталған жоқ. Осыған байланысты жүктілік кезінде «Гам-ковид-вак» препаратынан күтілетін пайда ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолдану керек», делінген құжатта.

Алайда, емізу кезінде «Спутник V» екпесін салдыруға болмайтыны айтылған. Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың сөзінше, вакцинаның қауіпсіздігін клиникаға дейінгі зерттеулердің оң нәтижелерін, сонымен қатар, тіркеуден кейінгі зерттеулер кезінде препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректерді ескере отырып, сарапшылар жүкті әйелдерге «Гам-ковид-вак» вакцинасын қолдануға қарсы көрсеткіштерді алып тастау туралы шешім қабылдаған. Министр: «Осылайша коронавирус инфекциясының ауыр ағымының қаупі жоғары жүкті әйелдерді вакциналау мүмкіндігі ашылды», деді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50