«2019 жылы 52 үлестік құрылыс нысаны, 152 көппәтерлі тұрғын үй бар еді. Онда жылдар бойы өз баспаналарын күтіп жүрген 15 мыңға жуық отбасы болды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қабылданған шаралардың арқасында Үкімет қаражат бөлді және нәтижесінде: 2019 жылы 13 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл шамамен 2,5 мың үлескер, 2020 жылы – 20 көппәтерлі тұрғын үй, шамамен 2,7 мың үлескер, 2021 жылы үлескерлердің проблемалық объектілері қатарынан 57 көппәтерлі тұрғын үй кешенін тапсыруды жоспарлап отырмыз, бұл шамамен 7 мың үлескер. Қалған үйлер жоспарға сәйкес 2022-2023 жылдары пайдалануға беріледі», деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Ол үлестік құрылыс объектілеріндегі жағдай әр түрлі болғанын атап өтті.