Оқиға • 30 Маусым, 2021

Өскеменде жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде жол апатына ұшыраған жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.



Өскеменде жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Жібек маталар комбинаты ықшамауданында жедел жәрдем мен Toyota Ipsum көліктері соқтығысқан.

«Арнайы жарық шамдарын қосып келе жатқан жедел жәрдем көлігі Өтепов көшесінен Сәтпаев даңғылына қарай келе жатып, реттелген жол қиылысында қызыл жанып тұрған бағдаршамнан өтіп кеткен. Ал сол кезде Toyota Ipsum автокөлігі бағдаршамның қызыл түсіне өткен. Осылайша, екі көлік соқтығысып қалды», делінген хабарламада.

Қазіргі сәтте оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.